Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында биылғы жылы 30 тамызда «Музейлер шеруі» республикалық музейлік акциясы бастау алды. Аталмыш іс-шаралар қатары Алматы қаласындағы республикалық және қалалық маңызы бар музейлерде де жалғасын тапқан болатын.Шеру – Алматының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналды. 20 қыркүйек Алматы музейінде «Алматы түні» музейде» шеруі аясында 11 экспозициялық зал бойынша экскурсиялар жүргізіліп, О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері-шеберлерінің қатысуымен қыш құмыра жасаудан шеберлік сағаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының қатысуымен шеберлік сағаты, Уақытша көрме залында Гүлнара Шормақованың «Әсем әлем. Балауыз бейнелер» атты авторлық көрмесі және үтікпен сурет салудан шеберлік сағаты өтті, сонымен қатар жас жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарлама, музей экспозициясы бойынша екі тілдік интерактивті квесті ұйымдастырылды