Бүгін, Алматы музейінде саз балшықтан бұйымдар жасаудан шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатқа арнайы шақырылған қонағымыз О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы, шебері болып табылады. «Саз балшық сырттай лас болып көрінгенмен, өте кірпияз дүние» дейді шебер Алиасқар Исламұлы. Құмыра жасау үшін адамға ең алдымен шыдамдылық пен ниет, тазалық керек. Ал адамдардың көбісі сол саз балшықтан қолдан әр түрлі бұйымдар жасауға болатынын біле бермейді. Қолөнер шеберінің айтуынша, топырақтың баланың денсаулығына тигізер пайдасы зор. Біріншіден, сазбалшықтың құрамында 60%-ға жуық кальций элементтері бар. Яғни сазды ұстаған кезде балаға алақаны арқылы организмге пайдалы дәрумендер тарайды. Оны қолмен илеу арқылы сүйек қатаяды.  Екіншіден,  бала еңбекке үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Сонымен қоса, балаларға балшық илету арқылы әр түрлі психо-физиологиялық аурулардың  алдын-алуға болады. Мәселен, көз, құлақ, мұрын, сынды көру, есту, сезу мүшелерінің қабілетін жақсартуға болады. Алматы музейінде мұндай шеберлік сағаттары балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылып тұрады.