2023 жылдың 2 ақпанында сағат 15:00-де Алматы музейінде Алматының театр өнеріне арналған «Киелі сахна – асыл қазына» көрмесінің ашылуы өтеді.
Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы болып табылады, онда 200-ден астам мәдениет мекемелері, оның ішінде ондаған театрлар шоғырланған. Бүгінгі таңда Алматы театрлары қаланың мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Әр түрлі театр қойылымдары: пьесалар, опера, балет, мюзикл, ертегі ең талғампаз көрерменнің сұранысына жауап береді.
1928 жылы Алматыда Қызылорда қаласынан көшіп келген қазақ драма театры ашылды. Қазір М. Әуезов атындағы театрдың репертуарында әлемдік және қазақ драматургиясының 70-тен астам қойылымы бар. 1934 жылы Ұлттық опера және балет театры өз тарихын бастады. Бүгінде театр Қазақстанның мәдени игілігіне айналып отыр.
Қаланың мәдени өміріне М. Лермонтов атындағы Орыс драма театры үлкен үлес қосады. Корей және Ұйғыр музыкалық комедия театрлары, Неміс драма театры үлкен үлес қосуда. Жас ұрпақ Ғ. Мүсрепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының және Н. И. Сац атындағы Орыс Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдарын зор сүйіспеншілікпен қабылдайды.
Көрмеде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының музейі ұсынған танымал актерлер Әнуар Молдабеков пен Хабиба Елебекованың сахналық костюмдері қойылған. Алматы музейінің қорынан алынған белгілі театр суретшілері И.Бальхозиннің, Т. Афанасьеваның, В. Пономаревтің, Е. Тұяқовтың, Л. Кужельдің және т. б. бірегей эскиздері, сирек кездесетін фотосуреттер, афишалар ерекше театрлық атмосфера жасауда.
Көрме 15 ақпанға дейін жалғасады.