10 тамыз – Абай күнінде, Алматы музейінде Семей қаласынан келген ақынның «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеде Абай музейінің қорында сақталған түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды қолжазбалар, ақынның 1885 жылы тарихи өлкетану музейіне тапсырған жәдігерлері қойылған.
Көрменің ашылу салатанатына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысы Ғ.А. Майлибаев, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры, Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі К.С. Матыжанов, Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ. Ахетов, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Б.Ө. Жақып, Лондондағы Абай үйінің, Халықаралық Абай қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері, жазушы Р.Ш. Сейсенбаев және зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысып, жылы лебіздерімен бөлісті.
Көрме 25 тамызға дейін жалғасады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, көрмені тамашалауға асығыңыздар!