loader image

Алматы туні, Алматы туні. Ұйқымды менің ұрлады…

«Алматы түні» атты көрме Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына орай Алматы музейінде ашылды.

Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Дос-Мұқасан» тобының 1967 жылдың 1 тамызында Павлодар облысының Баянауыл ауылында алғашқы концерті өтті. «Дос-Мұқасан» тобының арқасында халық әндері жаңаша бояуға ие болды. «Қазақ Битлзі» атанған топ жанкүйерлердің жүрегін бірден жаулап алды.

Көрмеде «Дос-Мұқасан» ансамблінің жеке архивінде сақталған сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, марапаттар, концерттік афишалар,  фотосуреттер және естелік сыйлықтардан тұратын 200-ден астам экспонат қойылады. Аталған көрмеге С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің Музей кешеніне кіретін «Дос-Мұқасан» музейінің құнды жәдігерлері арнайы жеткізілді.

Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысы Ғ.А. Майлибаев, «Дос-Мұқасан» ансамблінің алғашқы құрамының мүшесі және көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов және оның замандастары Артық Тоқсанбаев, Есқайыр Абаханов және Диар Қонаев қатысып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Көрме 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Достар, көрмені тамашалауға асығыңыздар!

Другие новости

АЛМАТЫҒА АБАЙ КЕЛДІ…

10 тамыз – Абай күнінде, Алматы музейінде Семей қаласынан келген ақынның «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты жылжымалы көрмесінің

Подробнее
Закрыть меню