18 наурызда 2022 жылғы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» концерт өтті. Бүгінде Наурыз мейрамы – дүниенің әр тарабына түрлі этнографиялық, фольклорлық дәстүр мен ғұрыптардың, ұғымдардың философиялық көрінісі болып отыр. Қазақ халқы Наурыз мерекесін атам заманнан бері жыл басы ретінде тойлап келген. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы Наурыздама» – деген.
Кеш қонақтары: «AMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жарқын Алдамбергенқызы, Алатау ауданының ардагерлер ұжымы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әнші, күйшілері және ҚР Мәдениет қайраткері, Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, новатор-ұстаз Сәден Қанат, сонымен қатар «Әлқисса» домбыра студиясының шәкірттері өнерлерін көрсетті. Қатысушылар саны – 55.