loader image

Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай «Абызға айналған Асанәлі» көрмесі

2022 жылы 8 сәуірде Алматы музейінде Асанәлі Әшімовтың  85 жасқа толуына орай «Абызға айналған Асанәлі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Қазақ театры және киносының тарихы қазақстандық кино және театр өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов секілді атақты тұлғалардың есімдерінен басталады.

Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, кино саласындағы елеулі жетістіктері үшін берілген тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, түрлі ордендер мен марапаттардың иесі, отандық мәдениет саласының мақтанышы Асанәлі Әшімов бүкіл посткеңестік кеңістікте көрермендердің шынайы ықыласына бөленген жан.

Асанәлі Әшімұлының шығармашылығы негізінде зиялы қауымның бірнеше буыны ер жетті.   Сахна корифейінің жасаған түрлі образдары қазақ кино, театр өнері жылнамасына алтын әріптермен жазылды. Оның кейіпкерлері табандылығымен, өр рухымен сан қырлы сахналық тартымдылығымен қызықты. Бұл Асанәлі Әшімовтың көркемдік әлемінің өзгелерден ерекше, бірегей жолы, шығармашылыққа деген ерекше ынтасы. Тіпті кейде сахналық материал жетпей тұрған күннің өзінде Асанәлі Әшімов өзінің үздік жұмыстарында таудай талантымен, асқан шеберлігімен мұндай кедергілерді білдірмей жіберетін.

Көрмеде Асанәлі Әшімовтың жеке заттары мен фотоқұжаттары, достары мен әріптестерінен келген сыйлықтары, қазақ театры мен киносына қатысты заттар, Алматы музейі қорынан фотоқұжаттар ұсынылады.

Көрменің салтанатты ашылуының қонақтары: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қазақ театры мен киносының ардагерлері, БАҚ және басқалар.

Другие новости

Музей түні

«Музей түні» — бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Мұндай мәдени іс-шара кең аудиторияның, ең алдымен

Подробнее

«Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесі

2022 жылғы 3 мамырда Алматы музейінде «Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесінің ашылуы өтеді. Алматы музейінің мәдени қызметінің басты бағыттарының бірі қала тұрғындары мен

Подробнее

«Армысың, әз Наурыз!» концерт

18 наурызда 2022 жылғы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» концерт өтті. Бүгінде Наурыз мейрамы – дүниенің әр тарабына түрлі этнографиялық,

Подробнее
Закрыть меню