loader image

А. Байтұрсыновтың мұражай-үйі Алматының меншігіне қайтарылды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады.

Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев А. Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды. Қала әкімі мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», — деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш. м.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материалдар сақталған.

Другие новости

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» кеші өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде желтоқсан айының 3-ші жұлдызында күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» шығармашылық

Подробнее

Творческий вечер «Жалғыз аққу», посвященный 85-летию кюйши-композитора Казена Абугазыулы в Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа

В Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа 3 декабря в преддверии Дня Независимости РК прошел творческий вечер «Жалғыз аққу», посвященный 85-летию кюйши-композитора Казена Абугазыулы. В

Подробнее
Закрыть меню