loader image

«Бабадан қалған кәсіп» байқауы финалистерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі

25 қараша 2020 жыл, Алматы музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бабадан қалған кәсіп» байқауы финалистерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі өтті. Байқаудың басты мақсаты – көркем шығармашылықты қолдау, сәндік-қолданбалы, зергерлік өнермен айналысушылардың кәсіби шеберліктерін дамыту және жетілдіру, зияткерлік деңгейін, тарих пен мәдениетке қызығушылығын  арттыру. Байқау «Зергерлік өнер», «Тарихи мұра және қазіргі заманғы дизайн» номинациялары бойынша өтті. Көрме 29 қарашаға дейін жалғасты.

Закрыть меню