loader image

«Дала дауысы» онлайн көрмесі

Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 – 2 ғасырларда дамыған «Аң стилі» ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады.
Түпкі тамырын тереңнен алған бұл өнер түрімен еліміздің белгілі мүсіншілері айналысып келеді, бүгін қала әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Алматы қаласы күні аясында, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі, мүсінші Тілеуберді Мелдешұлы Бинашевтің 65 жылдығына орай «Дала дауысы» көрмесі Алматы музейінде ұйымдастырылып отыр.
Тілеуберді Мелдешұлы Бинашев – «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Ресей көркемсурет академиясының құрметті мүшесі, суретші-мүсінші. 1956 жылы Түркістан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келді. Алматы көркемсурет училищесін мүсін мамандығы бойынша 1981 жылы бітірген. Содан бері басқа суретшілер сияқты өз ізденістерімен сурет көрмелеріне қатысып, шеберлігін шыңдап келеді.
Мүсінші туралы ақын Қадыр Мырза-әлі: «Тілеубердінің қолтаңбасынан қазақ даласының иісі аңқып тұрады» деген екен. Тілеуберді Мелдешұлының — «Дала дауысы» (2016 жыл), «Қажымұқан» (2020 жыл), «Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би» (1991 жыл), «Отан от басынан басталады» (1982 жыл), «Баба батасы» (2020 жыл) мынды туындылары әр қазақтың жүрегіне жылы тиіп, рухтандыратын ойы терең, тамырлы тақырыптары өзіндік, философиялық шеберлігі бар.

Другие новости

КГКП «Объединение музеев города Алматы» выражает благодарность Банку ВТБ (Казахстан)

Важнейшей составляющей развития социума является постоянная поддержка различных арт проектов и приобщение всех слоев общества к культуре и искусству. И сейчас как никогда актуален вопрос

Подробнее

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК ВТБ Банкіне (Қазақстан) алғыс білдіреді

Қоғамның барлық мүшелерін мәдениет пен өнерге баулу, түрлі арт жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсету — әлеуметтік дамудың маңызды бөлігі. Қазір қайырымдылық көмек мәселесі айрықша өзекті

Подробнее
Закрыть меню