2022 жылдың 8 желтоқсанда Ө.А. Жолдасбеков атындағы студентер сарайында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына «Д.А. Қонаевтың сүйікті әндері» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның мақсаты: XX ғ. 60-80-ші жылдары еліміздің мәдениеті мен өнерінің ерекше дамыған жұлдызды кезеңі болды. Д.А. Қонаевтың басшылығымен елімізде жаңа мәдени ошақтар ашылып, театр мен концерттік ұйымдардың бұрын болмаған жаңа түрлері дүниеге келген болатын. «Ғасыр саңлағы» атанған Д.А. Қонаевтың мәдениет және өнер жолындағы еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, насихаттау.
Кеш қонақтары: МЕZZO тобы, Еркеш Шакеев, Әлібек Дінишев, Айжан Нұрмағамбетова, Жантик БЭНД тобы, Ербол Спаналиев, «Дервиши» тобы, Нұрлан Абдуллин, Парвиз Назаров және т.б. белгілі өнер жұлдыздары мен жас таланттар өнерлерін көрсетті.
Концертте Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сүйіп тыңдаған кеңестік және қазақстандық композиторлардың әндері шырқалды.
Музейдің «Қонаев дәуірі» атты жылжымалы көрмесі өтті. Көрмені 1500 көрермен тамашалады
Концертке: Алматы қалалық Әкімдігі, қалалық Мәдениет және архивтер басқармасы, Медеу аудандық әкімдігі, Д.А. Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, туған-туыстары және қала тұрғындары қатысты.