loader image

Зұлқия Жұматованың 101 жасқа толуына орай «Қазақ телевизиясының қарлығашы» көрмесі

2021 жылы 19 ақпанда Алматы музейінде Зұлқия Жұматованың 101 жасқа толуына орай «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы қаласы филиалымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Қазақ телевизиясының қарлығашы» көрмесінің ашылуы өтті.

Зұлқия Жұматова – қазақ телеэфирінің алғашқы көрнекті өкілдерінің бірі, экранның ханшасы, қазақ телевизиясының қарлығашы. Оның өмірі – ғасырлық тарих, ал өмірлік тәжірибесі – барлық буын өкілдеріне арналған таптырмас тағылым.

Қазақ телевизиясының тарихы Зұлқия Жұматова секілді атақты тұлғалардың есімдерінен басталады.  Зұлқия Жұматова Ю.Гагаринның ғарышқа ұшқаны туралы қазақ көрерменіне алғашқы болып хабарлады. З. Жұматова мен әріптестерінің еңбегіне кеңестік әйгілі диктор Ю.Левитан жоғары баға беріп: «Кеңес Одағындағы ең үздік дикторлық топ – алматылықтар» деген болатын. Көрмеде Зұлқия Жұматованың жеке заттары мен фотоқұжаттары, «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясынан уақытша алынған қазақ телевизиясына қатысы бар заттармен және Алматы музейі қорынан кинокамера, теледидарлар мен фотоқұжаттар қойылды.

Другие новости

«Кестелі тарих – сырлы әлем» тақырыбында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

2021 жылы 2 наурызда Алматы музейінде «Кестелі тарих – сырлы әлем»тақырыбында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашыды. Көрме қазақтың дәстүрлі өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қолөнер шеберлерін дайындаушы

Подробнее

Выставка декоративно-прикладного искусства на тему «Кестелі тарих – сырлы әлем»

2 марта 2021 года в Музее Алматы состоялось открытие выставки декоративно-прикладного искусства на тему «Кестелі тарих – сырлы әлем». Выставка была подготовлена совместно с Алматинским

Подробнее
Закрыть меню