2021 жылы 2 наурызда Алматы музейінде «Кестелі тарих – сырлы әлем»тақырыбында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашыды.
Көрме қазақтың дәстүрлі өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қолөнер шеберлерін дайындаушы 1938 жылы құрылған Қазақстандағы іргелі оқу орны О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесе отырып дайындалды.
Көрмеде ұсынылған сан түрлі тақырыптағы 30-ға жуық гобеленнің авторы аталған колледждің оқытушысы Мұхамбетқали Самратұлы Дүйсембаев. 1966 жылы туылған. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты. ҚР Мәдениет саласының үздігі.
Авторлық жұмыстар патриоттық, тарихи және табиғат, экология, әдебиет және өнер секілді өзекті тақырыптарға арналған.