loader image

«Киелі жолдың иесі – Райымбек…» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

2021 жылдың 15 қазаны, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастауымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында шығарылған «Киелі жолдың иесі – Райымбек…» кітабының тұсаукесер рәсімі және батыр бабамыздың қайраткерлігіне, оған арналған мол мұраны талқылауға арналған «Дөңгелек үстел» өтті.

Жобаның үйлестірушісі – Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК. Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отырып дайындалған жоба қоғам қайраткері, меценат, мәдениет жанашыры Айнұр Аралбайқызы Жұмаш жетекшілік ететін «Ай-продакшн» ЖШС демеушілік көрсетуімен жүзеге асырылды. Бас редакторы – Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының кеңесшісі, ақын Ержан Алаштуған.

Кітап қазіргі заманғы академиялық канондарға сай құрастырылған.

Кітап аты аңызға айналған Райымбек Түкеұлы туралы зерттеулер, эсселер мен мақалалар, ел аузында жүрген аңыздар һәм жыр-дастандар, белгілі ақындардың арнау өлеңдері, баһадүр бабаға қатысты фотосуреттер топтастырылған үш бөлімнен тұрады. ASPAN баспасынан шығарылған танымдық басылым арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушылары мен қалың оқырман қауымға жол тартты.

Другие новости

Қазақстандағы нигериялық талантты суретші Мозес Зибордың «We are not alone» («Біз жалғыз емеспіз») жеке көрмесі

2021 жылдың 17 қарашасында Алматы музейінде Нигерия Федеративті Республикасының тумасы, қазіргі таңда Қазақстанда тұратын талантты суретші Мозес Зибордың «We are not alone» («Біз жалғыз емеспіз»)

Подробнее

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» кеші өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде желтоқсан айының 3-ші жұлдызында күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» шығармашылық

Подробнее

«Балалықтың бал күлкісі» балалар шығармашылығы көрмесі

2021 жылдың 9 қарашасында Алматы музейінде «Балалар Әлемді Бейнелейді» қоғамдық қорымен бірлескен «Балалықтың бал күлкісі» тақырыбында көрмесінің ашылуы өтті. Алматы музейінің мәдени қызметінің маңызды бағыттарының

Подробнее
Закрыть меню