loader image

«Көңілдің қоңыр күмбірі» Халықаралық суретшілер көрмесі

12 қазан 2020 жылы Алматы музейінде музей мен «Креатив» ҚҚ бірлесуімен «Көңілдің қоңыр күмбірі» Халықаралық суретшілер көрмесінің ашылуы болып өтті.
Ашылу салтанатында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова, суретші, ұйымдастырушы Бибигүл Заманбекқызы Смакова, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Орынбасарұлы Жұбаниязов, ҚР Мемлекеттік Қастеев атындағы өнер музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Светлана Қобжанова Жұмасұлтанқызы, Сулеймен Демирел университетінің профессоры Сонг Дежно, кескіндемеші, архитектор, Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Лариса Пак Константиновна және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Италия, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінің суретшілері қатысты.
Іс-шараны «Адай», «Көрұғлы» күйлерімен күйші-домбырашы Еркін Құдайберген ашты.
Көрмеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Щучинск қалалары мен Оңтүстік Корея, АҚШ, Қырғызстан және Италия мемлекеттерінің кәсіби суретшілердің көркемсурет, графика, арт-дизайн және инсталляциялық жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.
Көрме 31 қазанға дейін жалғасады.

Другие новости

«Әл-Фараби – руханият шыңы» атты дөңгелек үстел және «Ғасырлардың ғұламасы» көрмесі

Елімізде қазіргі таңда Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтілуде. «Абай әлемі және Алматы» онлайн экскурсиясында Алматы қаласында орналасқан Абай құрметіне берілген мәдени, тарихи орындармен таныстыруды

Подробнее
Закрыть меню