loader image

«Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасы музей сахнасында»

2021 жылғы 3 шілдеде Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасын қабылдау рәсімі өткізілді.

Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» — деп атап көрсеткен. Осының аясында, Арқа дәстүрлі музыка мектебіне үлесін қосқан  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтіңдомбырасы ресми түрде музейге қабылданды.

Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков – 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылында дүниеге келген.  Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.  Алматы эстрада-цирк студиясын тәмамдаған. Қ.Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры болған.

Другие новости

«Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасы музей сахнасында»

2021 жылғы 3 шілдеде Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтің домбырасын қабылдау рәсімі өткізілді. Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.

Подробнее
Закрыть меню