loader image

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны» көрмесі және дөңгелек үстел

Алматы музейінде 3 маусым 2022 жылы сағ. 15.00-де  4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Алматы Музейінің бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны» атты көрменің ашылуы және дөңгелек үстел өтеді.

1992 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының  музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойылды. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды. Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Биыл елімізде мемлекеттік рәміздердің қабылдануының 30 жылдығы атап өтілуде.

Мемлекеттік рәміздер күні бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін мерекеге айналды. Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекеттігіміздің сабақтастығының көрінісі болып табылады, елдің тәуелсіздігін, патриотизм рухын, халықтың қаһармандығы мен даналығын, болашақтың жарқын мұраттарына деген ұмтылысты білдіретін құндылық бағдарларын бейнелейді.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласының белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қорынан мемлекеттік рәміздер тарихына қатысты құжаттар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі Республикалық комиссия отырыстарының хаттамалары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери рәміздер туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы сынды құжаттар мен Алматы музейі қорындағы фотосуреттер қойылған. Көрмеге 50-ден астам мұрағаттық құжаттар, хаттар мен фотосуреттер кіреді, экспозицияның бір бөлігі мультимедиялық форматта ұсынылады.

Другие новости

2022 жылдың 10 маусымында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқ жұлдыз сәулесі» атты жылжымалы көрмесі ашылды

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің белгілі ғалым, ағартушы, этнограф, әрі фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқ жұлдыз

Подробнее

Белгілі қоғам қайраткері, тележурналист – Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмесі

Алматы музейінде 2022 жылғы 15 маусым сағ.15:00-де  белгілі қоғам қайраткері, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмелер тізбегінің ашылуы өтті. Журналистика, әсіресе

Подробнее

Музей түні

«Музей түні» — бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Мұндай мәдени іс-шара кең аудиторияның, ең алдымен

Подробнее
Закрыть меню