loader image

«Музейдегі Елбасы жолы» атты онлайн-көрме

1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің әлеуметтік желілерінде «Музейдегі Елбасы жолы» атты онлайн-көрме жарияланды.

Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдары Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне келген кезінде түсірілген сирек архивтік фотосуреттері оқырман назарына ұсынылды.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамзат баласына бір емес, бірнеше жаһандық жоба ұсынған және оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға.

Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мемлекетімізді өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды.

Другие новости

18 мамыр – Халықаралық музей күні

2021 жылдың 18 мамырында «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты музейлерде Халықаралық музей күні мерекесіне арналған жобалар қатары өтті. Осы жылы жыл сайынғы «Музей түні» акциясы

Подробнее
Закрыть меню