loader image

Музей түні

«Музей түні» — бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Мұндай мәдени іс-шара кең аудиторияның, ең алдымен жастардың музейге деген қызығушылығын арттырады.
Алғашқы «Музей түні» 1997 жылы Берлинде өтті. Идея көрші елдерден де қолдау тауып, келесі жылы көптеген еуропалық мемлекеттердің музейлері Ашық есік түнін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта мәдени оқиға әлемнің 150-ден астам елінде өткізіледі.
«Музей түні» акциясы – Алматының мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Осыған байланысты Алматы қаласы музейлер бірлестігі «Музей түні» акциясы аясында ауқымды мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізді.
«Музей түні» Халықаралық акциясы – өнер сүйер қауым үшін нағыз мереке! Бұл құпияға толы, әнмен көмкеріліп, жаңа адамдармен танысып, көңіл көтеріп, жарқын әсер алатын мереке. Сол себептен, акция – музейлерді біріктіріп, адамдарға жақындауға мүмкіндік беретін сәт.
Акцияға «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» жеті музейі қатысты: Алматы музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н. Тілендиевтың мемориалдық музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және А. Байтұрсынұлы музей-үйі.
Музей түні акциясында келушілерге «Жанды музей» яғни экспозицияларды тірілтуге негізгі басымдық беріледі. Еріктілер мен музей қызметкерлері музейлерде тарихи тұлғаларды сомдап, ән шырқап театрландырылған көріністер қояды. Алматы музейінің залдары тарихи оқиғаларды, сол дәуірдің киімдері мен тұрмыс тіршілігін интерактивті түрде келішулер назарына ұсынады. Диірмен тарту, келі түю, баланы бесікке салу т.б. дәстүрлерді музейге келушілер өздері қатыса отырып жүзеге асырады.
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде экскурсиялар және қонақтарға арналған ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ «Ғасырлар үні» гала концерті, «Ұлт руханиятын жасаушылар» фильмінің көрсетілімі орын алды.
Д.А. Қонаев музейінде Д.А. Қонаевтың туыстарымен бір үстелде шәй ішіп, ол туралы қызықты деректермен бөлісуге мүмкіндік беретін «Димаш Ахметұлы туралы әңгімелер…» кездесу сағаты өтеді.

Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі алдындағы алаңда Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті, сонымен қатар, музей залдары бойынша экскурсия, «Әуенді тап» зияткерлік ойыны өтті.

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Амангелді» алғашқы қазақ дыбыстық фильмі (Ленфильм, 1938,режиссері – М. Левин, сценарийі – Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, Вс. Иванов) және Ғ. Мүсірепов пен актриса Раиса Мұхамедьярованың махаббаты жайлы «Классиктің кешіккен махаббаты» («Поздняя любовь классика») деректі фильмдері көрсетіледі.
Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде «Ұлы ағартушы туралы әңгімелер». «Ұлт ұстазы» фильмінің актерлік құрамымен және түсірілім тобының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Другие новости

2022 жылдың 10 маусымында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқ жұлдыз сәулесі» атты жылжымалы көрмесі ашылды

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің белгілі ғалым, ағартушы, этнограф, әрі фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқ жұлдыз

Подробнее

Белгілі қоғам қайраткері, тележурналист – Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмесі

Алматы музейінде 2022 жылғы 15 маусым сағ.15:00-де  белгілі қоғам қайраткері, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмелер тізбегінің ашылуы өтті. Журналистика, әсіресе

Подробнее

«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны» көрмесі және дөңгелек үстел

Алматы музейінде 3 маусым 2022 жылы сағ. 15.00-де  4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Алматы Музейінің бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік

Подробнее
Закрыть меню