loader image

«Самаурыныңыз сарқылмасын» атты көрменің ашылуы өтті

Кез келген бұйымның пайда болу, тарихи даму жолы болады. Сол сияқты самаурындардың да сәндік безендірілуі мен қолданылуы ажырамайтын өнертапқыштық туынды ретінде ұзақ та маңызды тарихы бар. Самаурынға ұқсас су қайнататын құрылғылар антик заманда да белгілі болған. Мұндай «самаурындар» ежелгі Римде, кейіннен Азия мен Еуропада да таралған. Самаурындар негізінен далалық жағдайда қолданылғандықтан, кішкентай және алынбалы-салынбалы аяқтары болған.

Қазақ даласына самаурындар этномәдени байланыстар нәтижесінде, яғни сауда, айырбас, тарту-таралғылар түрінде келіп, XIX ғ. біртіндеп тұрмысқа енген. Сонымен қатар  самаурынға  бітімі  ұқсас  Орта  Азиялық  шәугімдер,  самаурын-шәугімдер, самаурын-қазандар және құмған-самаурындар да қолданылды.

«Самаурыныңыз сарқылмасын» көрмесіне атақты ағайынды Баташевтар, Берта Тейле ұлдарымен, Н.А. Ворошилов және М. Слюзбергтердің Тула қаласында жасалған самаурындары секілді 50ге жуық экспонат қойылды.

Ұсынылған коллекциядағы жәдігерлер санымен ғана емес, олардың сан алуандығымен де ерекшеленеді.  Көрмеге келушілер XIX-XX ғғ. самаурынның кез-келген формадағы – «ваза» мен «шардан» бастап, «рөмке» мен «цилиндрға» дейінгі түрлерін кездестіреді. Барлығы әртүрлі фабрикаларда жасалып, шеберлердің қолдарынан  шыққан. Көрмеде ұсынылған жез, мыс, қола, бетіне суреттер салынған, ескі самаурындардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі көрсетілген әртүрлі самаурындар кезкелген келушінің көңілінен шығады. Сонымен қатар, ескі сервиздер, ас үй құралдары, атақты «кузнецов» фарфор зауытының өнімдері мен музей қорынан алынған кескіндемелер мен фотосуреттер қойылады.

Самаурын – бұл жай құрылғы ғана емес, сонымен қоса ол дастарханның сәні, жылулық пен достық қатынастың нышаны саналады. Оның өзіне тартатын күшін ескіден келе жатқан шай ішу дәстүрі ерекшеліктері арқылы түсінуге болады.

Другие новости

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» кеші өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде желтоқсан айының 3-ші жұлдызында күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» шығармашылық

Подробнее

Творческий вечер «Жалғыз аққу», посвященный 85-летию кюйши-композитора Казена Абугазыулы в Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа

В Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа 3 декабря в преддверии Дня Независимости РК прошел творческий вечер «Жалғыз аққу», посвященный 85-летию кюйши-композитора Казена Абугазыулы. В

Подробнее
Закрыть меню