loader image

«Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесі

2022 жылғы 3 мамырда Алматы музейінде «Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесінің ашылуы өтеді.

Алматы музейінің мәдени қызметінің басты бағыттарының бірі қала тұрғындары мен қонақтарын қалың көпшілік ішіндегі қазақстандықтар шығармашылығымен таныстырып, әуесқой өнерпаздар мен шығармашылықты насихаттау болып табылады.

Бүгінгі өнердің кешегісі, ертеңі бар. Қазіргі таңда «Самоцвет» клубында арнайы білімі бар көптеген суретші-педагогтер, сондай-ақ басқа саланы игерсе де бейнелеу өнері өмірлерінің ажырамас бөлігіне айналған әуесқой суретшілер де бар.

Көрмеде «Самоцвет» клубы ыстық ықыласпен ұсынған 60-тан астам жұмыс қойылады.

Көрме келушілерге суретшілердің шығармашылығымен танысып, авторлардың идеялары мен шығармашылық ізденістері көрініс тапқан гуашь, акварель, аралас техника, графика секілді түрлі көркемсурет техникаларында орындалған жұмыстарды өз көзімен көруге мүмкіндік береді. Көрермен «өнер әлеміне» сапар шегіп, туған қаласының сан қырлы көріністерін тамашалайды. Суретшілердің жұмыстары бізді қоршаған әлем шындығымен үйлесім табады.

Көрменің салтанатты ашылуының қонақтары: Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары.

Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.

Другие новости

Музей түні

«Музей түні» — бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Мұндай мәдени іс-шара кең аудиторияның, ең алдымен

Подробнее

«Армысың, әз Наурыз!» концерт

18 наурызда 2022 жылғы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» концерт өтті. Бүгінде Наурыз мейрамы – дүниенің әр тарабына түрлі этнографиялық,

Подробнее
Закрыть меню