2022 жылы 6 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Алматы музейінің қорынан Сеул тарихы музейінде «Ұлы Дала жауһары» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті.
Көрменің мақсаты – корей аудиториясын қазақ халқының тарихы және мәдениетімен таныстыру. Көрме бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерден тұрады. Соның ішінде Жетісу өңірінің этнографиясы мен тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениеті, бұрыңғы және қазіргі Алматы келбетінің ерекшеліктері көрсетілді.
Көрмеде корей жұртшылығы үшін Алматы музейінің қорынан арнайы әкелінген 131 экспонат ұсынылған.
Көрменің ашылу салтанаты барысында Сеул тарихы музейінің директоры Ким Ёнсок, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлибаев Ғани Айдарұлы, Сеул қалалық кеңесінің өкілдері Аширалиева Айсұлу және Муң Соң Хо, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Дүйсенбаев Бақыт Амангелдіұлы және Корея Республикасының Халық әртісі Пак Жоң Жа жылы лебіздерімен бөлісті.
Екі музей арасындағы келіссөздер барысында 2023 жылы Алматы музейінде Сеул қаласының тарихы музейінің көрмесін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.