loader image

Стамбул қаласында «Дала дауысы» атты халықаралық көрмесі

2022 жылы 13 желтоқсан күні Түркия Республикасы, Стамбул қаласында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дала дауысы» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтті.   

Көрме Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Алматы қаласы музейлер бірлестігі Түркия Республикасында жылжымалы көрме ұйымдастырып отыр.

Халықтарымыздың тарихы тілі мен мәдениеті тамырлас, дүниетанымы мен түсінігі жақын. Бүгінде екіжақты қарым-қатынастарымыз барлық салаларды қамтуда және қарқынды түрде дамып келеді.

Көрменің мақсаты – келушілерді түбі бір түркі халықтарының көнеден жеткен тарихымен, музыкалық мәдениетімен таныстыру.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында өткізілген көрмеде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорындағы бірегей, құнды жәдігерлер Түркия жұртшылығы назарына ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатында Бақыргөй ауданы Театр департаментінің директоры Асуман Айдоғмуш, Қазақстанның мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы Ержан Уайс, Қазақстан Республикасының Ыстамбул қаласындағы Бас консулы Әлім Дәуренұлы Байел және Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Сағындықова Ляззат Құдайбергенқызы жылы лебіздерімен бөлісті.

Көрменің аудиториясы: экспозиция келушілердің барлық санаттарына – балаларға, студенттерге, ғалымдарға, туристерге арналған.

Другие новости

Алматының театр өнеріне арналған «Киелі сахна – асыл қазына» көрмесі

2023 жылдың 2 ақпанында сағат 15:00-де Алматы музейінде Алматының театр өнеріне арналған «Киелі сахна – асыл қазына» көрмесінің ашылуы өтеді. Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы болып табылады, онда 200-ден астам

Подробнее

Сеул тарихы музейінде «Ұлы Дала жауһары» атты халықаралық көрме

2022 жылы 6 желтоқсан күні  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты Алматы музейінің қорынан

Подробнее

Суретшілер Бибігүл Смақова мен Гүлнәр Табанованың «Арманға апарар жол» атты көрмесі

2022 жылы 15 қарашада Алматы музейінде суретшілер Бибігүл Смақова мен Гүлнәр Табанованың «Арманға апарар жол» атты көрмесі ашылды. Суретші Смакова Бибігүл 1969 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Н. Гоголь атындағы

Подробнее
Закрыть меню