01 желтоқсан 2020 жыл, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тұлға тағылымы» атты тақырыпта онлайн-көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тұлға ретінде тарихта алатын орнын, Халыққа арналған жолдауларын, ірі саясаткердің Тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектері мен шығармашылығын паш ету. Көрмеге кітаптар, фотосуреттер, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы С.Мұқановтың жұбайы – Мәриям Мұқанованың 100 жасқа толуына орай құттықтауы (2009), Елбасының феномені туралы отандық, шетелдік белгілі тұлғалардың пікірлері және т.б. қойылды.