loader image

«Тұмса тарих тереңінен…» көрмесі

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде еліміздің мәдени һәм қаржы орталығы – Алматыда Қала күні атап өтіледі. Осы мерекені атап өту аясында бүгін, 6 қыркүйек күні,  Алматы музейінде қала тарихына арналған «Тұмса тарих тереңінен…» көрменің ашылуы өтті.

Көрмеде Алматы музейінің қорында сақталған қаламыздың аумағынан табылған үш мың жыл бұрын пайда болған шағын қоныстардың және  Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалардың орындарында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған артефактілер қойылды.

Мың жылдық тарихы бар, мәдени-тарихи мұралары мен сұлу табиғаты бар әсем қала, қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды дамуының көрінісі.

Көрменің ашылу салатанатына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысы Ғ.А. Майлибаев, т.ғ.д., археолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ә.Т. Төлеубаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қ. Түменбай, Ғылым Ордасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Н.Б. Сейдін, тарихшы, ҚР  Еңбек сіңірген қайреткері, Алматы музейінің негізін қалаушы Е.Қ. Әуезов, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитов және басқа да белгілі ғалымдар, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Музей қонақтары 12 қыркүйекке дейін көрмені тамашалай алады.

Другие новости

Алматы туні, Алматы туні. Ұйқымды менің ұрлады…

«Алматы түні» атты көрме Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына орай Алматы музейінде ашылды. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Дос-Мұқасан» тобының 1967

Подробнее

АЛМАТЫҒА АБАЙ КЕЛДІ…

10 тамыз – Абай күнінде, Алматы музейінде Семей қаласынан келген ақынның «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты жылжымалы көрмесінің

Подробнее
Закрыть меню