loader image

«Шеберлер ауылы» Алматы музейінде» көрмесі

2021 жылы 23 маусымда Алматы музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Ұлттық домбыра күніне арналған «Шеберлер ауылы» Алматы музейінде» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтті.

Қолөнер шеберлерін бір жерге ұйымдастырып, жұмыс жасау мақсатында 1988 жылы «МИРАС» атты ұйым құрып, қолөнер шеберлерінің басын қосып, ұмыт болған ұлттық бұйымдарды шығару көзделді. 1989 жылы Алматы қаласының атқару комитетінің шешімімен ұйым тіркеліді. Бастапқыда шеберхана-дүкен «Астана алаңында» болса, соңынан тау бөктеріне көшіп «Шеберлер ауылы» деген атқа ие болды. Бұл жерде шеберлер музыкалық аспаптардың түрлерін: домбыра, адырна, жетіген, нар қобыз, даңғыра, шыңдауыл, асатаяқ, дулыға, саз сырнай, бұғышақ түрлерін Д. Шоқпаровтың басшылығымен жасап фольклорлық ансамбльдерді қамтыды. Ал Қ. Тілеухановтың басшылығымен темір бұйымдары, зергерлік бұйымдар қазақ үй жабдықтары жасалды. Туристер, қала қонақтары осы ауылға барып ұлттық бұйымдардың жасалу тәсілдерін көру, үйрену мүмкіндігіне ие болды. Шеберлер ауылынан белгілі шеберлердің басын қосып, ұмыт болып бара жатқан, тұрмыстық зат бұйымдарын қалпына келтіру, оларды дамыту жұмыстарын жүргізді. Қазақ шеберлерінің жасаған бұйымдары, ұлттық болмыс, ұлттық қор, ұлттық мақтаныш.

Другие новости

КГКП «Объединение музеев города Алматы» выражает благодарность Банку ВТБ (Казахстан)

Важнейшей составляющей развития социума является постоянная поддержка различных арт проектов и приобщение всех слоев общества к культуре и искусству. И сейчас как никогда актуален вопрос

Подробнее

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК ВТБ Банкіне (Қазақстан) алғыс білдіреді

Қоғамның барлық мүшелерін мәдениет пен өнерге баулу, түрлі арт жобаларға тұрақты түрде қолдау көрсету — әлеуметтік дамудың маңызды бөлігі. Қазір қайырымдылық көмек мәселесі айрықша өзекті

Подробнее
Закрыть меню