Еуразиялық Мәдени Альянс «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-мен бірлесіп «Целинный» заманауи мәдениет орталығы ұйымдастырған дыбыс өнері және жаңа музыка Korkut биенналесі аясында өтетін Қызыл Трактор «Sound OFF» көрмесін ұсынады.
7 қазан сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде Қазақстанның алғашқы өнер ұжымдарының бірі «Қызыл трактордың» көрмесінің ашылуы өтті. «Қызыл трактордың» түсінігінше дыбыс ауызша дәстүрмен қайта қауышу жолы мен оны деконструкциялау әрекеті ғана емес, көшпенді ата-бабамыздың артынан қалмаған тәнсіз мұра болып, ұжымдық жадыны бекітуде негіз болатын фактор. Дыбыс табиғаты туралы бұл ой-толғаулар топтың картиналарында, мүсіндерінде, қойылымдарында кездеседі.
Музыкатанушы Елеманова Саида ханымға сенсек, «Адамзат мәдениетінің ең көне іргетасы – салт – оның ең маңызды құрамдас бөлігі Дыбыс болып табылады». «Қызыл трактордың» алғашқы шығармаларындағы салт пен дыбыстың байланысын байқау қиын емес. Сонымен қатар, суретшілер өз дыбыстық өнерлерінде New Media-мен әрекеттеспей, дыбыс жазу технологиялары немесе дыбыстық манипуляцияларды қолданбайтынын, жұмыстарында динамиктерді немесе басқа жабдықты пайдаланбағанын атап өткен жөн. Әртістердің мұндағы мақсаты өзінің жеке рухани тәжірибесін өздерінен, не аспаптан шыққан дыбыс арқылы өту. Осы аспаптар көбіне ұжым мүшелерінің бірі Молдақұл Нарымбетовтың қолымен ағаш, тас, не тері сияқты органикалық материалдардан жасалған.
Көрме 27 қазанға дейін жалғасады.