loader image

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» кеші өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде желтоқсан айының 3-ші жұлдызында күйші-композитор Қазен Әбуғазыұлының 85 жылдығына арналған «Жалғыз аққу» шығармашылық кеші өтті.

Іс-шара барысында күйші әрі әншінің «Бейбіт», «Жалғыз аққу», «Қара қаз», «Қайран әке», «Ана зары», «Қызғыш құс» секілді туындыларын ҚР Мәдениет қайраткері, күйші, өнер зерттеуші Мұрат Әбуғазы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Талғат Әбуғазы, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Айсарбек Ақияшев, Мұхтар Әділ, Бақберді Қадубек, Ернұр Тәжбенов орындады.

Кеш қонақтары қатарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Шәміл Әбілтай, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург Серік Жұматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұржан Жанпейісов, ҚР Мәдениет қайраткері, сыбызғышы Талғат Мұқышев болды.

Другие новости

Алматы туні, Алматы туні. Ұйқымды менің ұрлады…

«Алматы түні» атты көрме Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына орай Алматы музейінде ашылды. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Дос-Мұқасан» тобының 1967

Подробнее
Закрыть меню