loader image

Қазақстандағы нигериялық талантты суретші Мозес Зибордың «We are not alone» («Біз жалғыз емеспіз») жеке көрмесі

2021 жылдың 17 қарашасында Алматы музейінде Нигерия Федеративті Республикасының тумасы, қазіргі таңда Қазақстанда тұратын талантты суретші Мозес Зибордың «We are not alone» («Біз жалғыз емеспіз») жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Мозес Зибор – Нигерияның Байелса штатынан келген қазақстандық суретші, жан-жақты, талантты адам, модель, актер, музыкант, футболшы, физиолог, энергетикалық терапевт, филантроп. Оның жұмыстары өз отанында да жоғары бағаланып, сұранысқа ие болған.

Көрме ежелгі дәстүрлермен ғана емес, заманауи стильді де бейнелейтін көп қырлы суретшінің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді. Мозестің композициялары – сөзсіз жоғары шеберлікпен орындалған, көрермендерді экзистенциализм шегінен шығып, қиял әлеміне қалықтататын, ерекше әсер қалдыратын туындылар. Оның өнері өзіне тән күшке, түске, тіршілікке және риясыздыққа толы, шығармалардан бақсылық, рухани және метафизикалық көркемдік одиссея элементтерін көруге болады.

Другие новости

Алматы туні, Алматы туні. Ұйқымды менің ұрлады…

«Алматы түні» атты көрме Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына орай Алматы музейінде ашылды. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Дос-Мұқасан» тобының 1967

Подробнее
Закрыть меню