loader image

«Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» атты музыкалық кеш

   Саз өнерінің сайыпқыраны — Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 15 қазан өмірден өткен күніне және ақын, ойшыл, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» атты музыкалық кеш өтті. Музыкалық кеште хәкім Абайдың «Абай арманы», «Ойға түстім толғандым», «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерінің сазын жазған Нұрғиса Тілендиевтің әндері көрермен назарына ұсынылды.
  Кеш қонағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Рахымбаев Төлеген Бекболатұлы «Абай арманы» әнін орындады.
  Н.Тілендиев шығармаларын орындаған өнерпаздар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлектері Орынбай Назгүл Тұрсынбекқызы, Балтабай Сағиддин Мүсілімұлы «Әсемпаз болма әрнеге», «Ойға түстім толғандым» әндерін орындады.

  Композитор мен көрнекті ақын шығармашылығына арналған музыкалық кешке Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімшілігінің әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушілері Листочкина Диля Галимжановна, Оразакова Жанатгүл Кембайқызы, Амреева Жұмагүл Бекпенқызы қонақта болып ой-пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісіп қайтты.

Другие новости

Exhibition and master-class “Ata-baba oneri – urpakka mura”

Сайт рыбатекст поможет дизайнеру, верстальщику, вебмастеру сгенерировать несколько абзацев более менее осмысленного текста рыбы на русском языке, а начинающему оратору отточить навык публичных выступлений в

Подробнее

«Ата-баба өнері — ұрпаққа мұра» көрмесі мен шеберлік сағаты

Сайт рыбатекст поможет дизайнеру, верстальщику, вебмастеру сгенерировать несколько абзацев более менее осмысленного текста рыбы на русском языке, а начинающему оратору отточить навык публичных выступлений в

Подробнее
Закрыть меню