loader image

«Ұлттық рух: Таным. Тәрбие» атты кездесу кеші

Кездесу кеші. 17 қараша 2020 жыл, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Ұлттық рух: Таным. Тәрбие» атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонағы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық  ғылымдар академиясының академигі, Жамбыл  атындағы  Халықаралық сыйлықтың  лауреаты,  Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, Түркі Әлемі  Халықаралық «Қызыл Алма»  сыйлығының лауреаты Темірхан Тебегенов қатысып,  жас ұрпақ тәрбиесі, тарихты білу, ана тіліміздің – мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын кеңейту, музей мен мектеп, музей мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты жақсарту, ұлттық рухты өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мәселелері жөнінде ой қозғады. Кешті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков жүргізді. Кешке музей кызметкерлері қатысты.

Другие новости

Закрыть меню