loader image

«Ұмай» балалар көркемсурет мектебімен бірлескен «Балдәурен – бақытты ән дәурен» тақырыбында көрме

2021 жылдың 31 тамызында Алматы музейінде «Ұмай» балалар көркемсурет мектебімен бірлескен «Балдәурен – бақытты ән дәурен» көрмесі ашылды.

Алматы музейінің мәдени қызметінің маңызды бағыттарының бірі балалар шығармашылығын қолдау және насихаттау. «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастауы саусақтарының ұшында» деген қанатты сөздер бекер айтылмаған. Бүгінде елімізде қылқалам өнеріне қызығушылық танытып отырған балалар жеткілікті, сондықтан  шығармашылық тұлғаны қалыптастыру қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. 

Көрме жас суретшілердің авторлық идеялар мен шығармашылық қиялдарын бейнелейтін, өзіндік стилі мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде түрлі жанрлар мен бағыттарды қамтыған туындыларды ұсынады. Авторлар өз еңбектерінде қоршаған әлемге деген өз көзқарастарын көрсетіп, өз халқының мәдениетіне деген махаббатын суреттей білген.

Көрмеден бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің жоғары курс оқушыларының емтихан жұмыстарымен қоса, балалардың қабілеттерін дамытып, өз ісін жете меңгеруіне үлкен үлес қоскан «Ұмай» Балалар көркем сурет мектебі жетекшілерінің шығармашылығын да көре аламыз.

Көрменің салтанатты ашылуының қонақтары: «Ұмай» Балалар көркем сурет мектебінің оқушылары мен оқытушылары.

Көрме 12 қыркүйекке дейін жалғасады.

Другие новости

On the eve of the 30-th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan, on the occasion of the Day of the city of Almaty — the golden cradle of our Independence, in the museums of the State Enterprise «Association of the Museums of Almaty» of the Department of Culture of Almaty the action «Handing out — Aport apples» was held.

The origin of aport apples, the history of which dates back to Almaty. Russian travelers who explored the Verny fortress describe Almaty as a medieval

Подробнее

В преддверии 30 – летия Независимости РК, ко Дню города Алматы – золотой колыбели нашей Независимости, в музеях КГКП «Объединение музеев города Алматы» при Управлении культуры города Алматы прошла акция «Раздача яблок — апорт».

Происхождение яблок апорт, история которых берет свое начало именно в Алматы. Русские путешественники, исследовавшие крепость Верный, описывают Алматы как средневековый город с красивой природой в

Подробнее

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматы қаласының күніне орай, Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК музейлерінде «Апорт алмасын тарату» акциясы өтті.

Тарихын тереңнен алған апорт алмасының шығу тегі дәл осы Алматы қаласында басталған. Верный бекінісін зерттеген орыс саяхатшылары деректерінде Алматы Іле алатауының бөктерінде алма ағаштары жайқалған

Подробнее
Закрыть меню