2021 жылдың 18 мамырында «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты музейлерде Халықаралық музей күні мерекесіне арналған жобалар қатары өтті. Осы жылы жыл сайынғы «Музей түні» акциясы online және offline түрде өтті. Мереке аясында саздан бұйымдар жасау өнері бойынша мастер-класс өткізілді, әлеуметтік желілерде онлайн-концерттер көрсетілді, сондай-ақ балаларға арналған квест өткізілді. Музейлер сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ашық болды.
Іс-шараларымызға қатысқан қонақтарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Ықыластың қара қобызы» дәстүрлі музыкалық кеші
2023 жылдың 10 ақпан күні сағат 16:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Ықыластың қара қобызы» атты дәстүрлі музыкалық кеш