Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің белгілі ғалым, ағартушы, этнограф, әрі фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқ жұлдыз сәулесі» атты жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге Шоқан Шыңғысұлының отбасымен қолданған тұрмыстық заттары – мыс табақ, бұрыш ұнтақтағыш және Велодог тапаншасы мен парша белбеуі, сондай-ақ Қашқария сапарын сәтті аяқтағаны үшін берілген ІV дәрежелі Әулие Владимир орденінің, хаттары, мақалалары, ресми құжаттарының көшірмелері, музей қорында сақтаулы қазақ халқының және шетел музыкалық аспаптары қойылды.