Ағымдағы жылы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толды.
Бүгін, 22 тамыз Д.А.Қонаевтың дүниеден өткен күні. Осыған орай, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың бастамасы бойынша, Алматы қаласы әкімдігің қолдауымен Д.А.Қонаевты еске алуға арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Еске алу күні аясында Д.Қонаевтың зиратына барып құран оқу, бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың ұйымдастыруымен.
Д.А.Қонаевтың рухына құран бағышталып, ас берілді.
Шараға келген қонақтар Д.А. Қонаев музейінің жаңартылған экспозициясымен танысты.
Осы орайда, 2021 жылы мерейтой қарсаңында Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен Д.А.Қонаев музейінің экспозициясы жаңартылғанын атап өту қажет.
Іс –шараға Д.А.Қонаевтың қызметтес ізбасарлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, туған-туыстары, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Бүгін 22 тамыз Д.А. Қонаев музейіне кіру тегін.