loader image
Музейлер бірлестігі туралы

Музейлер бірлестігі туралы

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Алматы қаласы әкімінің 2014 жылғы 20 қазандағы No 4/861 қаулысымен құрылды.
Қазіргі уақытта «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК құрамына 7 музей кіреді: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаев музейі, Н. Тілендиев мемориалдық музейі, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Райымбек батыр кешені.
Қызметі: материалдық және мәдени мұраларды сақтау және зерттеу мақсатында музей жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу.
Мақсаты: Ұлттық мәдениетті және қасиетті заттарды зерттеу, пайдалану және танымал ету үшін интеграцияланған орталық қалыптастыру
Міндеттері:
1. Музейлердің ғылыми-зерттеу және экспозициялық қызметі;
2. Ғылыми-қор қызметі: тарихи-мәдени мұраны толықтыру, тіркеу және сақтау;
3. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу, қорғау бойынша жұмыс;
4. Мәдени-ағарту қызметі және музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
5. Қызметті танымал ету және жағымды имиджді насихаттау.
Алматы қаласы музейлер бірлестігі келушілердің қолжетімділігі үшін заманауи технологиялармен жабдықталған. Музейге келушілер izi.travel әлемдік платформасы арқылы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудионұсқаулықты таңдай алады. Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі залдарының экспозициясында заманауи технологиялар — галограммалар, жарықдиодты экрандар, ақпараттық киоскілер, 3D турлар қолданылады.

Закрыть меню